Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Өлмейтіндер

Мұқағали арқалаған ауыр мұң,
Шәмші қайда, шамшырағы әнімнің.
Әуелеген ән таба алмай,
Мәтінінен мән таба алмай,
Сағындым ғой, мен сіздерді сағындым.... Жыры қайда Тұманбай мен Қадірдің?
Нұрғисалар жалауы еді жанымның.
Есер әуен, төрге шығып,
Есті алғанда пендешілік,
Сағындым ғой, мен сіздерді сағындым...

Қайырмасы:
Өлмейтіндер - өлді деуге келмейтіндер.
Өлең болып өмірлерді тербейтіндер,
Өмірге (кейін) келмейтіндер.

Фаризадай нұрын төккен ару күн,
Роза апамыз бастау еді бал үннің.
Арын жыққан ару гүлін,
Аттарына зәру болып,
Сағындым ғой, мен сіздерді сағындым...
Назы қайда Есенқұлдай нарынның?
Сазы қайда Тұрсынғазы Табылдың?
Көргенімде жансыз жанды,
Атақ қуған арсыздарды,
Сағындым ғой, мен сіздерді сағындым...


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать